Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады

0
479

Бетті тану үшін бейнекамераларға минималды техникалық талаптар қойылады.


Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі халық көп жиналатын жерде адамның бет-бейнесін анықтайтын бейнебақылау камераларын орнату ережелерін әзірледі, деп жазады sputnik.kz.

"Ашық НҚА" сайтында талқылауға шығарылған құжатқа сәйкес, адамның бет-бейнесін тани алатын бейнекамералар, шамамен, 2,2 метр биіктікте орнатылады. Ондай камераны мүмкіндігінше төмен орнату ұсынылып отыр.
Сонда адамның бет-бейнесі анық түседі. Сондай-ақ, адамдардың жасырыну мүмкіндігі барынша аз болатын ракурс таңдалады. Ал бетті тану үшін бейнекамераларға минималды техникалық талаптар қойылады. Олар:
тәуелсіз параметрмен қос ағынды қолдау;
4 метрден тану дистанциясы кезінде – 1920х1080 пиксельден кем емес, ал 4 метрге дейін тану дистанциясы кезінде - 1280х720 пиксельден кем емес;
кадр жиілігі – секундына 25 кадр;
тұрақты тоқ - 12 вольт;
көшедегі бейнекамералар үшін - 45 градус +55 градус, ал іште орнатылатын бейнекамералар үшін 0-ден +55 градусқа дейін.
Бұдан бөлек, адамның бет-бейнесін тану тәртібі де жазылған. Негізгі талаптар:
бейнедегі тұлға алдыңғы қатарда тұруы;
бастың айналуы, қисаюы және ауытқуы кез-келген бағытта 5 градустан төмен болуы;
жарықтың бетіне біркелкі түсуі;
адам кескіннің кем дегенде 60 процентін алуы.
Ал суреттің өлшемі 200х200 пиксельден кем болмайды. Камераларды орнату кезінде үй-жайлардың иелерінен рұқсат алынады.
Құжат 19 тамызға дейін талқылауға шығарылып отыр.