Алматыда «Алтын Орда» базары маңында салынған эстакада пайдалануға берілді

0
1 116

«Алматы-Бішкек» автожолындағы «құбыр» үлгісіндегі жолайрық пен Райымбек ауылына бұрылыстағы қосымша жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы толық аяқталды.


Алматыда «Алтын Орда» базары маңында салынған эстакада пайдалануға берілді

ERNUR.KZ. Алматыда «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы эстакада мен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді, деп жазады inform.kz.

«ҚазАвтоЖол» АҚ ұлттық компанияның мәліметінше, «Алматы-Бішкек» автожолындағы «құбыр» үлгісіндегі жолайрық пен Райымбек ауылына бұрылыстағы қосымша жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы толық аяқталды. Нысан пайдалануға берілді.

«Жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі пандус және арнайы платформамен қамтылды. Түнгі уақытта пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нысанда заманауи жарықдиодты шамдар орнатылды», - деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясынан «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңында тоқтап қалған эстакада құрылысы қайта басталатынын хабарлаған.

Өткен жылы қазан айында «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңында эстакада мен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы 50%-ы орындалған еді.