Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

0
374

​Оқыс оқиға салдарынан тоғыз адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға тексерілу үшін жеткізілді.


Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Оқыс оқиға салдарынан тоғыз адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға тексерілу үшін жеткізілді.

"Барлық қажетті медициналық тексерулерден кейін екі науқас политравматология бөліміне жатқызылды, оның ішінде жансақтау бөліміндегі науқас та. Екеуінің де жағдайы тұрақты және ауыр", - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалған науқастар барлық қажетті медициналық тексерулерден кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді.

№137 автобустағы жолаушылардың бірінің айтуынша, оқиға автобус Шаляпин көшесінен Әшімовке қарай бұрылған жерде болған.

"Автобус тоқтайын деп тұрғанда алдынан КамАЗ шығып қалған болуы керек. естуім бойынша, автобустың тежегіші істемей қалған. Сондықтан жүргізуші оңға бұрып жіберіп үйге соғылған. Автобустағылар бірден алға қарай құладық. Мен басымды қатты ұрып алдым. Әйнек сынықтары жаңбырша төгіліп кетті. Алдында тұрғандар қатты зардап шекті. Үлкен кісінің аяғы сынды. Көп адамның үстін терезе жырып кетті. Бір баланың қолын терезе толық жырып кеткен. Бәрімізді алып кетті", - дейді куәгер.