Айыпты жігіт кінәсін мойындады.
ERNUR.KZ. Алматыда автобус жүргізушісі мен самокат айдаушы татуласты, деп жазады ҚазАқпарат.
Автопарк хабарлағандай, самокат айдаушы автобус жүргізушісін ұрғаны үшін өтемақы төледі.
«Жүргізуші татуласуға келісім берді. Айыпты жігіт кінәсін мойындады. Біздің қызметкерімізге өтемақы төледі», - деді автопарктен.
Айта кетейік, оқиға 9 шілдеде болған. №99 бағыттағы автобус жүргізушісі мен самокат айдаушы арасында түсініспеушілік туындап, самокатшы жүргізушіні соққыға жыққан болатын.