​Алматыда азық-түлік супермаркеттерінің көпшілігі жабылды

0
302

Алматыдағы филиалдардың көпшілігі жабық. Қазіргі уақытта жергілікті шағын дүкендер ғана жұмыс істейді.


​Алматыда азық-түлік супермаркеттерінің көпшілігі жабылды

ERNUR.KZ. Алматыда шерулерге байланысты Magnum желісі дүкендерінің көпшілігі жабылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Алматыдағы филиалдардың көпшілігі жабық. Қазіргі уақытта жергілікті шағын дүкендер ғана жұмыс істейді. Әзірге қосымша ақпарат жоқ. Басшылық жағдайдың өзгеруін күтеді, бәріміз жақсылыққа үміттенеміз. Бірте-бірте қызметкерлерді жинап, филиалдарды ашамыз. Мүмкіндігінше жағдайды бақылауда ұстаймыз. Біз коменданттық сағат басталғанша жұмыс істейміз, алкоголь сатылымнан алынды", - деді Magnum желісінің PR-менеджері Дмитрий Шишкин.

Сонымен қатар, мегаполисте екі Mega сауда орталығы жабылды.

"Егер жұмыс кестесінде қосымша өзгерістер болса, біз сізге әлеуметтік желілерде хабарлаймыз", – деп түсіндірді сауда орталығының әкімшілігі.

Сонымен қатар қалада такси қызметі қолжетімсіз. Дүкендер мен дәріханалар жабылуда. Тамақ, азық-түлік тапсырыс беру қызметтері де жұмысын тоқтатты.