Алматыда «Барлық» базары аумағындағы дүңгіршектер өртенді

0
488

Өртенген «Барлық» базары аумағында орналасқан фастфуд дүңгіршектері болып шықты.


Алматыда «Барлық» базары аумағындағы дүңгіршектер өртенді

ERNUR.KZ. Алматыда «Барлық» базарының аумағында өрт шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Өртенген «Барлық» базары аумағында орналасқан фастфуд дүңгіршектері болып шықты.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 14:34-те Наурызбай ауданы, Алматы - Ташкент тасжолы бойындағы «Барлық» базары аумағында, 40 шаршы метр алаңда жұмыс істемейтін фастфуд дүңгіршектері өртенді.

«Сағат 14:55-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ, өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД-да.