Алматыда BEU Fest өтті

0
869

​Іс-шараға елдегі ән өнерінде белгілі 20-ға тарта әнші қатысып, мыңдаған жанкүйер келді.


Алматыда BEU Fest өтті
ERNUR.KZ.Алматыда BEU Fest өтті, деп жазады baq.kz
Іс-шараға елдегі ән өнерінде белгілі 20-ға тарта әнші қатысып, мыңдаған жанкүйер келді.
BEU Fest сахнасында Қазақстанда дәл қазір даңқы шыққан әртістер өнер көрсетті. Олардың ішінде: Ninety One, The Limba, Yenlik, Moldanazar, 104, Raim, Darkhan Juzz, Taspay, jeltoksan., Hey Monro, Kalifarniya, Alpha, Ирина Кайратовна, Marhaba Sabi, ARO, abdr., JETI, Qonyratbay Fam, dudeontheguitar, Rauana болды.
Сонымен бірге өз өнерін көрсетуге Қырғызстаннан Ulukmanapo мен Bakr, Өзбекстаннан Ato Woody келді.
Фестиваль Халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешенінің аумағында өткізілді. Ұйымдастырушылар әу баста ең жанды дауыста болатын концерт өтетіні туралы уәдесін орындағандай болды. Концерт бес сағатқа созылды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Жаннұр Айдарбекованың айтуынша, BEU фестивалін өткізу идеясы оларға екі жыл бұрын келген. Алайда карантиннің салдарынан оны өткізу мүмкіндігі биыл ғана туып отыр.
Фестивальді ең бірінші кезекте қатысушылар қолдады. Олардың дайындыққа салған күш-жігерінен, талпынысынан осыны байқауға болады. Бүгін әр әнші өзінің ел аузында жүрген 2-3 әнін шырқайды. Қатысатын әншілер мен топтардың саны 22. Жанды дауыста ән шырқайды, - деді ол.
Айдарбекова сонымен қатар не үшін фестивальдің BEU деп аталатынына да тоқталды. Оның айтуына қарағанда, бұрынғы заманда ақындар ән немесе жыр сайысын ұйымдастырғанда бір-бірін «беу» деп қолдап, тіпті сол жиындарын да «беу» деп атаған.