Алматыда біреулер психолог әйелді соққыға жықты

0
982

Ер адам психологты кастетпен маңдай тұсынан ұрған.


Алматыда біреулер психолог әйелді соққыға жықты

ERNUR.KZ. Алматыда психолог Светлана Божко бұзақылардың қолынан өліп қала жаздады, деп жазады ҚазАқпарат.

Белгісіз біреулер оны кастетпен ұрып кеткен. Бұл туралы психологтың қызы Анастасия Букина ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді. Оның айтуынша, оқиға 20 шілдеде болған. Кешкісін екі адам келіп, Светланадан жөн сұрамақ болған.

«Сол сәтте ер адам келіп, кастетпен маңдай тұсынан ұрған. Бұрынғы түрінен ештеңе қалмады. Жақ сүйегі сынған. Мұрын сүйегі сынған. Гаймор қуысы қалпына келмейді. Миы шайқалған. Бет-аузы ісіп кеткен. Қанталап тұр. Мұрын сүйектері шашылып кеткен. Көз жүйкесі қысылып қалған. Сынған сүйектердің орнына титан қойылды. 4 сағат бойы екі рет ота жасалды. Бір де бір хирург ота жасауға бел шешіп кірісе қоймады. Анама ота жасауға 1 млн теңгедей жұмсалды», - дейді жәбірленушінің қызы Анастасия Букина.

Оның айтуынша, бұл қылмыс тапсырыспен жасалуы мүмкін. Светлананың шырқыраған даусын естіген көршісі оны арашалап қалған. Жапа шеккен әйелдің құрбысы полицияның әрекетсіздігіне налып отыр.

«Рафик (күдікті) қазір бостандықта жүр. Оған қарақшылық деген айып тағылған жоқ. Оған тек бұзақылық жасады деген айып тағылды», - дейді құрбысы Ирина Кальницкая.

Айта кету керек, бұл қалада тіркеліп жатқан бірінші жағдай емес. Мұның алдында Jacpot тобының әншісі Ксения Ашығалиева күйеуі Бауыржан Ашығалиевтің ұрып-соққанын айтып шағымданған еді. Қылмыстық істі тексеру процесін полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды. Ксения Ашығалиева - «Jackpot» тобының әншісі болса, оның күйеуі Бауыржан Ашығалиев - осы топта гитарашы.