Жәбірленушінің айтуынша, бұл тапсырыспен жасалған қиянат.
ERNUR.KZ. Алматыда 28 жастағы жігітті үш ер адам жабылып зорлаған, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 14 қаңтарда түнгі сағат 10:00 шамасында болған. Зорлаған үш ер адамның кім екені белгісіз.
Жәбірленушінің айтуынша, бұл тапсырыспен жасалған қиянат. Өйткені қаскөйлер не істегенін айтып, телефон арқылы біреуге есеп беріп отырған.
"Бұл қызтеке ер адамдарға деген жеккөрушілік қылмысы болуы мүмкін. Бәлкім, біреу оны дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты ұстанады деп ойлаған шығар, осылайша кек алған болуы мүмкін. Өйткені орындаушылар үнемі біреуге қоңырау шалып, не болып жатқанын хабарлаған. Сондай-ақ жәбірленушіге "шариғат нормалары бойынша өмір сүру керек, мұсылмандарды ұятқа қалдырдың" деп тиіскен", - деп мәлімдеді қор.
Жәбірленушінің айтуынша, қылмыс алдын ала жоспарланған. Зорлаған үш адамның бірі оны үйіне алдап шақырып алған. Алайда үйге белгісіз тағы екеу келген. Үшеуі жабылып, ұрып-соғып зорлап, 500 000 теңге талап еткен.
Қоғамдық ұйымның айтуынша, бұл – еркектен зорлық көрген ер адамдардан түскен төртінші факт.