Алматыда бизнесі зардап шеккен 500-ден астам кәсіпкердің өтініші мақұлданды

0
513

Аталмыш өтініштердің ішінде, 218,7 млн. теңге сомасындағы 111 өтініш бюджет қаражаты, 132,8 млн. теңге сомасындағы 72 өтініш «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.


Алматыда бизнесі зардап шеккен 500-ден астам кәсіпкердің өтініші мақұлданды

ERNUR.KZ. Алматыда бизнес субъектілерінің мүліктік залалдарын анықтау жөніндегі Өңірлік комиссия кәсіпкерлердің 351,5 млн. теңге жалпы сомасындағы 183 өтінішін мақұлдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталмыш өтініштердің ішінде, 218,7 млн. теңге сомасындағы 111 өтініш бюджет қаражаты, 132,8 млн. теңге сомасындағы 72 өтініш «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.

Айта кетейік, комиссия жұмысының барлық кезеңінің ішінде, 996,4 млн. теңге сомасындағы 545 өтініш мақұлданды. Оның ішінде, 431,1 млн. теңге сомасындағы 251 өтініш бюджет қаражаты, 565,3 млн. теңге сомасындағы 294 өтініш «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Қазіргі уақытта зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінен өтініштер келіп жатыр, Info Kazakhstan сайтына Алматы қаласының барлығы 2 мыңға жуық кәсіпкерлерінен өтініш келіп түсті.