Алматыда блок-бекеттен өте алмаған қыз көпірден секіріп өлмек болды

0
1 072

Құқық қорғау органдарының өкілдері курсант Мейрамбек Найсекеновтың батыл әрекеті арқасында қыз аман-есен қалған.


Алматыда блок-бекеттен өте алмаған қыз көпірден секіріп өлмек болды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Алматы мен Алматы облысының шекарасындағы көпірден бір қыз өзенге секіріп, өлмекші болды. Кейін белгілі болғандай, ол бұған дейін бақылау-өткізу бекетінен өтпек болған екен, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрлық әскерлерінің Әскери институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 курс курсанты Мейрамбек Найсекенов Арычная өзенінің бойында кезекшілік кезінде бір адамның өз-өзіне қол жұмсау әрекетінінің алдын алды.

Мейрамбек атап өткендей, бұған дейін ол бұл қыздың облысқа шығу үшін Алматы бақылау-өткізу пунктіне келген, бірақ оның әрекеттері нәтижесіз болғандықтан, ол өзен жаққа беттеп, көпірге көтерілген, сөйтіп көпір қоршауынан аттап, суға секірмек болған. Осыны сырттай байқап тұрған курсант Найзекенов еш ойланбастан, жылдам әрекет етіп, көпірдің жақтауынан асқан әйелдің қолынан шап беріп ұстап алып, оны өзіне тартып, қауіптің алдын алған. Рация арқылы бақылау пунктіне хабар бердім, өзімше әйелді тыныштандыруға тырыстым, өйткені ол қиналып тұр еді. Құқық қорғау органдары өкілдерінің келуіне дейін курсант Найсекенов әйелмен сөйлескен. Оның есімі Ольга, оның балалар үйінің тәрбиеленушісі екенін, Алматыда оның қалуға жағдайы жоқ екенін, өйткені онда жақын таныстары мен достары да жоқ екенін біліпті. Сол себепті әйел қаладан Алматы облысына өтпекші болған, барар жері болмағандықтан, бекеттен өзін өткізбегендіктен ол өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды ҚӘӘИ баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының өкілдері курсант Мейрамбек Найсекеновтың батыл әрекеті арқасында Ольга аман-есен қалғанын атап өтті. Мейрамбекке алғысын білдірді.

Біз Құрлық әскерлерінің Әскери институтының карантин кезеңінде патруль жүргізу үшін жеке құрамды үш бағытқа бөлдік: Көкжиек ықшамауданының кордоны - №1 ауысым, онда 260 адам екі ауысымда қызмет етеді. "Алтын Орда" базарының № 2 посты, базардан Қаскелеңге дейінгі 7 кшақырым аумақта 300 кадет күзетеді. Ал №3 почта - 50 студент кіретін "Апорт" сауда орталығының ауданы. Барлығы осы үш бағытта тәулік бойы кезекшілік етеді.