Тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда.
ERNUR.KZ. Алматыда «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені бойынша санкциялар берілді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Полиция «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексерілуде. Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының «Lider Group Consalt» ЖШС директоры мен бірқатар тұлғаларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады», - делінген хабарламада.
Алматы қаласының тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда және прокуратураның бақылауында.