Алматыда екпе алған соң қайтыс болған екі адамға қатысты түсінік берілді

0
322

Марқұмдардың бірі - 1979 жылғы Алматы қаласының тұрғыны Бақытжан Нұртазин, екіншісі - Алматы перзентханасының қызметкері екені белгілі.


Алматыда екпе алған соң қайтыс болған екі адамға қатысты түсінік берілді

ERNUR.KZ. Коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін екі қазақстандық қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

Мұндай ақпарат қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Лаура Мырзағалидың қатысуымен өткен "Алматыдағы вакцинациялау қарқыны туралы" өткен онлайн-брифинг барысында жарияланды.

Лаура Мырзағали бұл фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын және кісі өлімінің нақты себебі вакцинациялау болды деп айтуға ерте деп жауап берді. Тергеу қорытындысы осы жылдың маусым айында дайын болуы керек.

Марқұмдардың бірі - 1979 жылғы Алматы қаласының тұрғыны Бақытжан Нұртазин, екіншісі - Алматы перзентханасының қызметкері екені белгілі.