Жол апаты салдарынан 1955 жылы туған жаяу жүргінші қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Алматыда әйел көлігімен үш адамды қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 4 шілде сағат 09:10-да қаланың Алмалы ауданында, Назарбаев даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында болған.
"Жол апаты салдарынан 1955 жылы туған жаяу жүргінші қайтыс болды. Кісі өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама жасалып жатыр", - дейді ведомство.
Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр.