12 сәуірде Алматыда белгісіз ер адам әйелдің басын пакетте қалдырды.
ERNUR.KZ. Алматыда әйелдің басын кесіп тастады деген күдіктінің қамауға алу мерзімі қыркүйекке дейін ұзартылды, деп жазады stan.kz.
Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органының өтініші бойынша И. атты азаматқа қатысты қамау 3 қыркүйекке дейін екі айға ұзартылды.
Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуірде Алматыда белгісіз ер адам әйелдің басын пакетте қалдырды. Бұл Станкевич көшесіндегі Алматы-1 базарында болды. Полицияның мәліметінше, әйелдің денесі Шолохов көшесіндегі саябақтан табылған.
24 сәуірде полиция 1962 жылғы азаматты осы қылмысқа күдікпен ұстағаны белгілі болды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күн таныс екендігі және жанжал кезінде қылмыс жасауы мүмкін екендігі анықталды.