Алматыда іс-шаралар өткізу үшін жеке үйлерді жалға алуға тыйым салынды

0
723

Алматыда фитнес-орталықтар, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін қайта бастады.


Алматыда іс-шаралар өткізу үшін жеке үйлерді жалға алуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Алматыда іс-шаралар өткізу үшін жеке үйлерді жалға алуға тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында айтылады, деп жазады тengrinews.kz.

Жандарбек Бекшин жергілікті атқарушы органдарға, құқық қорғау органдарына және Алматының арнайы органдарына жеке үйлерді жалға алу мәселесін, онда корпоратив немесе басқа да іс-шаралар ұйымдастыруды бақылауды тапсырды.

Еске салайық, бүгінде Алматыда фитнес-орталықтар, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін қайта бастады.