Алматыда карантин шараларын бұзған шоу-бизнес өкілдері жазаға тартылады

0
524

Олардың арасында әншілер Луина мен Lido, режиссер Ақан Сатаев, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева және т.б. бар.


Алматыда карантин шараларын бұзған шоу-бизнес өкілдері жазаға тартылады

ERNUR.KZ. Алматыда Black Star Burger желісі танымал адамдарды жинап іс-шара ұйымдастырды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мекеме иелеріне қатысты әкімшілік жаза қолданылатынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Мониторингтік топ Black Star Burger желісі демалыс күнінде жұмыс істеп, шаһарда бургердің ресми таныстырылымын ұйымдастырғанын анықтады. Шараға отандық шоу-бизнес өкілдері қатысқан. Олардың арасында әншілер Луина мен Lido, режиссер Ақан Сатаев, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева және т.б. бар.

Шараның видеосы танымал тұлғалардың Instagram желісіндегі сторисінде жарияланды. Жиналғандар мүлде әлеуметтік қашықтықты сақтаман. Жарияланған видео мен фотосуреттерден олардың бетпердесіз жүргенін байқауға болады.

Еске сала кетсек, Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың 2 тамыздағы қаулысына сәйкес, "қою қызыл" аймаққа кірген өңірлерде демалыс күндері меншік нысанына қарамастан (Ashyq жобасына қатысушыларды қоса алғанда) барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылған болатын.

Санэпидбақылау комитеті компания өкілінен түсініктеме алынғанын хабарлады.

"Шараға қатысты материалдар әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғау үшін Медеу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына берілетін болады", – деді қалалық СЭБ департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

“Royal Tulip мейрамханасының иелеріне қатысты қандай да бір шаралар қабылдана ма?”, – деген сұраққа, санитарлық дәрігердің орынбасары: “Мониторингтік топтың материалдары бойынша тиісті тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі анықталады”, – деп жауап берді.