Алматыда қарияға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

0
420

Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.


Алматыда қарияға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы қарияға таяқпен шабуылдаған көлік жүргізушісі ұсталғанын хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

"Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тексеру шаралары барысында қарт адамды ұрып-соққан ер адам анықталып, ұсталды. Ол - Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны. Ұсталған азамат өзін ақтау үшін қария көлігіне зақым келтіргенін айтты", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахманов.
Сондай-ақ, бұл оқиға Алматы облысы аумағында болғаны анықталған.

"Қылмыстық іс материалдары қосымша тергеу және шешім қабылдау үшін Қарасай аудандық полиция бөліміне, Алматы облысының полиция департаментіне жолданады", - деді Рустам Әбдірахманов.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адам қарияны таяқпен ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарағаны хабарланған болатын.