Алматыда кәсіпорын қызметкерлері құны 50 млн теңгелік кабель өнімдерін ұрлаған

0
510

Жалпы материалдық шығын – 50 миллион теңгеден асқан.


Алматыда кәсіпорын қызметкерлері құны 50 млн теңгелік кабель өнімдерін ұрлаған

ERNUR.KZ. Тергеу анықтағандай, оны байланыс кәсіпорындарының бірінің 14 қызметкері бірнеше кезеңмен жүзеге асырған. Олар сотталды, деп жазады zakon.kz.

Компания өкілінің айтуынша, қала аумағында кабель өнімдерін ұрлау үш жылдан бері орын алып келеді.

Жалпы материалдық шығын – 50 миллион теңгеден асты. Түрксіб аудандық ПБ-на ресми арыз берілді.

Таратылған ақпаратқа сай, тергеу іс-шараларының нәтижесінде кәсіпорынның 14 қызметкерінің қатысы анықталды, олар кабельдердің, тізбектердің және дабыл қорғанысының орналасқан жерін біле отырып, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтар айының соңына дейін мүлікті ұрлауды ұйымдастырған.

Алматы полициясының басшылығына, Түрксіб аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлері, атап айтқанда тергеуші Әнуар Шәріповтің, жедел уәкіл Жасұлан Асылхановтың және Түрксіб аудандық ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Айдарбек Керімбековтың кәсіби және адами қасиеттерін хабарлауды азаматтық борышым деп білемін. Олардың кәсіпқойлығының арқасында ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына (Ұрлық, яғни алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының аса ірі көлемде мүлікті жымқыруы) сәйкес қозғалған қылмыстық іс аяқталды. Кінәлілер өзіне лайықты жазасын алды. Қол астындағыларыңыздың арасында осындай қызметкерлердің көп болуын шын жүректен тілейміз, – деді “Қазақтелеком” АҚ басқарма төрағасының уәкілетті өкілі Ш.Раздықов.