Алматыда қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған химиялық реагенттер қоймасы анықталды

0
740

Алматыда республикалық ауқымды "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі аяқталды.


Алматыда қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған химиялық реагенттер қоймасы анықталды

ERNUR.KZ. Мегаполисте "Дәрмек" арнайы іс-шара өтіп жатыр, деп жазды inbusiness.kz.

"Қорында химиялық реагенттердің алуан түрі бар ЖШС-нің бірінің қоймаларына тексеру ұйымдастырылды. Нәтижесінде техникалық талаптарға сәйкессіздік анықталды. Кәсіпорын қоймасында күзет дабылы орнатылмаған, терезелерде торлар болмады. Сонымен қатар ацетон, диэтил спирті, калий перманганаты, тұз қышқылы, күкірт қышқылы сияқты прекурсорлардың айналымы шектелді. Айналымға шектеу қойылған прекурсорлардың жалпы саны 322 тонна 4 келіні құрады. Аудандық полиция бөлімінде іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.

Еске сала кетсек, Алматыда республикалық ауқымды "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі аяқталды, оның аясында қаладағы дәріханалар, емханалар, медициналық мекемелер, биохимиялық препараттар айналымына қатысты ұйымдар тексеріледі.