Алматыда крематорий қашан іске қосылатыны белгілі болды

0
738

​Қазіргі кезде құрылыс жұмстары ЖЭО-2 жанынан жүргізіліп жатқан крематорийді 2021 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарланған.


Алматыда крематорий қашан іске қосылатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев медициналық қалдықтар мен қайтыс болғандардың денесін өртейтін крематорий құрылысы туралы айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Ол пандемия кезінде медициналық бетперде, костюм, пакет, бинт, шприц, ПТР сынақтарын алуға арналған құралдар секілді аса қауіпті биологиялық қалдықтардың көп мөлшерде жиналғанын атап өтті.

"Мұндай жағдайда қалдықтарды арнайы пештерде жағу арқылы жоюға болады. Осыған байланысты патологоанатомиялық бюро жанынан крематорий салу туралы шешім қабылданды", – деді Нұрашев.

Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы крематорий қайтыс болғандардың денесін өртеу үшін де қолданылатынын атап өтті.


"Өткен жылы коронавирустың салдарынан қалада шетелдіктер қайтыс болды, ал туыстары олардың денесін өртеуді сұрады. Себебі пандемияға байланысты денесін елден шығару күрделене түсті. Сондай-ақ, біз әртүрлі дін өкілі тұратын көпконфессиялы елміз", – деді Нұрашев.


Айтуынша, крематорий ЖЭО-2 жанына салынады. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысты аяқтау және нысанды пайдалануға беру 2021 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.