​Алматыда күн электр станциясы іске қосылды

0
1 117

Жобаның операторы ретінде “Самұрық-Энерго” АҚ және қытайлық “Powerchina Zhongan Engineering Corp. Ltd” компаниясы белгіленген.


​Алматыда күн электр станциясы іске қосылды

ERNUR.KZ. Алматыдағы “Иновациялық технологиялар паркінде” 1МВт күн электр станциясының ашылу рәсімі өтті, деп жазады Baq.kz.

Аталған жоба Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметерінің арасында жасалған келісім аясында іске асырылып отыр. Оның операторы ретінде “Самұрық-Энерго” АҚ және қытайлық “Powerchina Zhongan Engineering Corp. Ltd” компаниясы белгіленген.

Сондай-ақ Қытай тарапы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұрлы кенті маңында 5 МВт-ты Жел электр станциясының құрылысын аяқтап, Қазақстан тарапының меншігіне өткізіп берді.

“Бұл екі станцияда 2011 жылы екі ел арасында жасалған келісімдер негізінде салынып отыр. Станциялардың құрылысына 1 жыл уақыт кетті. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыстар жасай береміз”, - дейді “Самұрық-Энерго” АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов.

72 сағатқа созылған кешенді сынақтар мен байқаулар нәтижесі бойынша күн және жел станциялары пайдалануға толық дайын.