​Алматыда қымбат көліктің үстіне мұз түсті

0
1 446

Иесі машинаны әдеттегідей үйінің алдына қойып кетіп, аман қалды.


​Алматыда қымбат көліктің үстіне мұз түсті
ERNUR.KZ. Алматыда шатырдан түскен мұз қымбат көлікті бүлдірді. «Мерседес Бенц»-тің алдынғы әйнектері шытынап, төбесі майысқан, деп жазады ktk.kz.Оқыс оқиға түскі сағат 1-дің шамасында Медеу ауданындағы көп қабатты үйлердің алдында болған. Иесі машинаны әдеттегідей үйінің алдына қойып кетіп, аман қалды. Енді зақымдалған көлікті жөндеуге 295 мың теңге қаржы керек екен. Жүргізушісі оны кімнен өндірерін білмей дал.

Ол «шатырдағы қар уақытылы тазартылғанда мұндай болмас еді» дейді. Ал коммуналдық кызмет болған жайтқа еш кінәміз жоқ деп отыр.

Татьяна Ермолаева, Медеу ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімі төрағасының орынбасары:

- Үйдің маңайына көлік қоюға болмайтындығы жөнінде белгі тұр. Сондай-ақ әрбір бұрышта «Абайлаңыз, мұз» деген ескертулер де бар. Жүргізушілер осы жазуларды көре тұра, көлігін қойып кете береді. Ал шатырды қар мен мұздан тазалай алмаймыз. Ол үшін арнайы альпенисттерді жалдау керек. Зақымданған көлікке келген шығын көлемін кімнің өтейтіні әзірге белгісіз. Оған мен жауап бермеймін.