Олардың не себепті ұрысып, жағдайдың қалай өрбігені белгісіз.
ERNUR.KZ. Алматыда 20 жастағы жігіт қызымен ұрысып қалған соң үшінші қабаттағы балконнан секіріп кеткен, деп жазады sn.kz.
Бүгін таңертең қаладағы тұрғын үйлердің бірінің аумағында төтенше жағдай орын алды.
"Үшінші қабатта орналасқан тұрғын үй кешенінің кіреберісінің балконынан 2000 жылы туған ер адам секіріп кетті. Ер адам жарақат алғанымен, аман қалды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала ақпарат бойынша, жас жігіт осы үйде тұратын қызымен ұрсысып қалған. Полицияның айтуынша, ол өз әрекетін дәл осылай түсіндірген.
Олардың не себепті ұрысып, жағдайдың қалай өрбігені белгісіз. Алайда жігіт бір ажалдан аман қалып, ол ауруханаға жеткізілген.