Алматыда мәжбүрлі түрде тексеруден өткізілген жезөкшелердің көбісінен СПИД шықты

0
953

8 қонақ үйден 245 жезөкше ұсталды.


Алматыда мәжбүрлі түрде тексеруден өткізілген жезөкшелердің көбісінен СПИД шықты

ERNUR.KZ. Алматыда жезөкшелер жаппай ұсталып, мәжбүрлі түрде ЖИТС-ке (СПИД) тексерілді. Полицейлермен бірге жеңіл жүрісті қыздарды түгендеген дәрігерлер бірнешеуінен қауіпті ауруды тапты, деп жазады Zakon.kz.

Көбі СПИД жұқтырған. Айналдырған 8 қонақ үйден 245 жезөкше ұсталды. Бәрі де жаппай мәжбүрлі түрде медициналық тексеруден өткіздірілді. Сараптама көрсеткендей, түнгі көбелектердің біразы жыныстық ауруларға шалдыққан. Жалпы, СПИД орталығы мамандарының тәртіп сақшыларымен бірлесіп, түнделетіп қонақ үйлерді аралауына себеп бар. Өйткені жеңіл жүрісті қыздар емханаға аяқ баспайтын көрінеді. Содан ерлер арасында да жыныстық ауруға шалдыққандар көбейген. Ал ауру ошағына айналған қонақ үй иелері оңай құтылды. Оларға тек айыппұл салынды.
- Айыппұл мөлшері, кем дегенде 50 АЕК құрап отыр. Егер бұл деректен қандай да бір нәтиже шығармай, заңсыз іс-әрекетін жалғастырса, онда келесі жолы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚК-тің нормаларына сәйкес, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді, - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.