Алматыда пышақталған ер адамның мәйіті табылды

0
566

Кісі өлімі балалар алаңында болған.


Алматыда пышақталған ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 15 наурызға қараған түні "Самал-3" шағын ауданында ер адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады, деп жазады zakon.kz.

Egov.press Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кісі өлімі балалар алаңында болған, марқұмның денесі тұрғын үйдің терезелерінің астындағы орындықтардың жанынан табылған.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді. Оны Медеу аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан 35 жастағы ер адамды танысы пышақтап кеткен. Күдікті – 2001 жылы туған Д. есімді азамат, ол "ізін суытпай" ұсталды".Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қалалық полиция департаменті күдікті қамауға алынғанын атап өтті.