19 жастағы жігіттің басы қанталап кеткен.
ERNUR.KZ. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы №7 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісінің санитарды соққыға жығуына қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
"№7 қалалық клиникалық аурухананың науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметіне қабылдау бөлімінің қызметкерлері арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түсті. Мән-жайды анықтау үшін бөлімнің медицина қызметкерлерімен, оның ішінде бөлім басшысы және санитармен сұхбат жүргізілді. Ішкі аудит қызметіне қабылдау бөліміндегі жұмыс барысын және микроклиматты қадағалау бойынша тапсырма берілді", - деп хабарлаған қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ басқармадағылар, 22 тамызда қабылдау бөлімінің барлық қызметкерінің қатысуымен кадрлық кеңес өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Барлық мән-жай анықталғаннан кейін тиісті шаралар қолданылады.