23 қарашадан бері дала тұманнан көрінбейді.
Фото: Yk.kz
ERNUR.KZ. 28 және 29 қарашада аспанды түтін торлауына байланысты Өскеменнің оқушылары қашықтан оқиды, деп жазады inbusiness.kz.
"Күз-қыс мезгілінде қазаннан қаңтарға дейін ҚМЖ-ның ең көп күндері болатыны байқалады. Бұл антициклоникалық ауа райы типінің орнауынан, мұндай кезде тыныштық, желдің болмай, тұман мен инверсия болады. Әр айда ұзақтығы 5-тен 14 күнге дейін болуы мүмкін", – деді "Қазгидромет" метеоауарайы бөлімінің басшысы Любовь Бухтоярова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы соңғы күндері тыныс жолдары ауруына шалдыққандар саны 11% артқанын атап өтті. Дегенмен химиялық заттардың әсерінен тамақ күю диагнозы анықталған жоқ.
“ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада уақыт өткізуді барынша азайту, сыртта физикалық белсенділіктен бас тарту, қорғаныш маскаларын қолдану, майға бай тағамдарды тұтынып, ауыз қуысын шөп қайнатпаларымен жүйелі түрде шаю ұсынылады”, – деді облыстың бас терапеві Михаил Бугайцов.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев жауапты басқармаларға ауа сапасы туралы мәліметтерді мұқият тексеруді талап етті.
“Мен адамдарға ШРК артпағаны туралы айта алмаймын, себебі мен өзім көшеге шыққанда жөтеліп кетемін. Адамдар қаладағы әр ауданның жағдайын білуі керек: Сограда, Куленовкада, КШТ, өндірістік аймақтарда және басқа да жерлер”, – деді әкім.
Әкімдікте мәжіліс өтіп, онда меморандумдардың орындалуы және атмосфераға шығарындыларды азайту жоспарлары жан-жақты сараланды.
Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті ауа сапасына жедел мониторинг жүргізіп жатыр деп сендірді.
“Қазгидромет” РМК көміртек оксиді, PM2.5 және күкірт диоксиді бойынша тәуліктік орташа шекті концентрацияның артқанын тіркеді. Мониторинг деректері стационарлық бақылау посттары мен жылжымалы газоанализаторлар көмегімен алынған. Тексерулер жалғасып жатыр, ал олардың нәтижелері қосымша жарияланады.