Деректерге сәйкес куәгерлер жақын маңдағы дүкеннен төсеніш шатыр сұрап әкеліп дайын тұрған.
ERNUR.KZ. Алматыда 31 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте Талғар тас жолындағы БАКАД көпірінен секірмек болған. Құтқарушылар дер кезінде барып оны райынан қайтарған. Тұрғын әрекетінің себебі сүйіктісімен ұрысып қалғанын алға тартқан, деп жазады stan.kz.
Түскі уақытта Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар дереу оқиға орнына барғанда көпірде полицияның ер адаммен келіссөз жүргізіп жатқанын көрген.
"Келіссөздер оң нәтиже берді. Ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Деректерге сәйкес куәгерлер жақын маңдағы дүкеннен төсеніш шатыр сұрап әкеліп дайын тұрған. Келіссөздерден соң мамандар ер адамды ұстап, сүйреп түсіріп құтқарып қалған.
Ер адам өз әрекетіне сүйіктісімен жанжалдасуы себеп болғанын түсіндірді.