Сау жері қалмаған жігітті әлдебіреулер итеріп жіберген болуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Алматыда 12-қабаттан секіріп өлді делінген жігітті әлдебіреулер әдейі құлатып жіберген де болуы мүмкін, деп хабарлайды ktk.kz.
Қаладағы элиталық «Манхеттен» тұрғын үй кешенінде болған сұмдық жайтты тәртіп сақшылары тексеріп жатыр.
12-ші қабаттан есік алдына бір-ақ сұлап түскен марқұмның бұл үйде тіркелмені анықталды. Ал, жасы небәрі 25-те екен. Аты-жөні қалтасындағы құжаты бойынша белгілі болды.
Десе де, сақшылар туыстарына қоңырау шалып, ала алмай жатыр екен. Бір белгілісі, биіктен құлаған жігіт ішімдік ішпеген. Элиталық үйдің тұрғындарын сұрақ астына алған полицейлер түрлі болжамдар бойынша тергеу жүргізуде. Сау жері қалмаған жігітті әлдебіреулер итеріп жіберген болуы мүмкін деген де болжам бар.
«Пәтер жалдап тұрғанын, қонаққа келгені сияқты сұрақтарға жауап іздеу үстінде. Қазіргі таңда бұл іс «суицид» бойынша саралануда, дегенмен де тергеушілер басқа да болжамды жоққа шығармай, жіті тексеретін болады», - дейді Алматы қаласы полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек.