Бұған дейін үйде отырған әйелден коронавирустың "үнді" штамы анықталғаны хабарланған болатын.
ERNUR.KZ. Алматыда тағы бір адамға коронавирустың "үнді" штамы диагнозы қойылды, деп жазады zakon.kz.
Бір күн бұрын Алматы тұрғынынан коронавирустың "дельта штамы" анықталды. Бүгін, 24 маусымда Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиға арнайы брифингте "оның үйіндегілерге вирус жұқтыруы мүмкін бе" деген сұрақ қойылды.
Бізде қазір екеуі ғана бар. Бұл, менің ойымша, 1983 жылғы әйел мен 2013 жылғы бала. Олар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Отбасының басқа мүшелері бойынша ауруға қатысты әлі ақпарат жоқ. Ауырғандар осы екеуі, - деді ол.
Бұған дейін үйде отырған әйелден коронавирустың "үнді" штамы анықталғаны хабарланған болатын.