Алматыда университет жерін жымқырды деген күдіктілер ұсталды

0
696

Университеттің жер телімі заңсыз түрде бірнеше учаскеге бөлініп, ұсталғандар арасында жалған құжатпен үлестірілген, кейін оны біреу заң жолымен сатып алған.


Алматыда университет жерін жымқырды деген күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 9 гектар жерін жымқыру ісі бойынша бірнеше шенеунік ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкерін, Қарасай аудандық "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының жер және жер кадастры бөлімі мен Қарасай аудандық әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшыларын университеттің Кемертоған аулында орналасқан 9 гектар жер учаскесі түріндегі меншігін жымқырды деген күдікпен ұстады", - деді ведомство өкілдері.

Университеттің жер телімі заңсыз түрде бірнеше учаскеге бөлініп, ұсталғандар арасында жалған құжатпен үлестірілген, кейін оны біреу заң жолымен сатып алған.

"Осы тұлғалар 2021 жылдың қаңтарында қылмыс іздерін жасыру және жер учаскесін университет балансына жалған жолмен қайтару мақсатында мемлекеттің жер қорынан құқық белгілейтін құжаттарсыз Көлді аулында, санитарлық аймақта орналасқан және жеке меншікке беруге жатпайтын жер учаскесін заңсыз бөлген", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда барлық күдіктіге сот санкциясымен бұлтартпау шарасы таңдалғаны хабарланды.

Тергеу жалғасып жатыр, жасалған қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау мақсатында қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.