Алматыда жаңажылдық ұжымдық кеш өткізуге тыйым салынды

0
798

Балабақша, мектептерде де мерекелік кеш ұйымдастыруға тыйым салынды.


Алматыда жаңажылдық ұжымдық кеш өткізуге тыйым салынды

Алматыда жаңажылдық ұжымдық кештерді өткізуге рұқсат жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Балабақша, мектептерде де мерекелік кеш ұйымдастыруға тыйым салынды. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин эпидахуал қайтадан ушығып кетуі мүмкін екенін жеткізді.

"Біз «қызыл», «сары», «жасыл» аймақта болсақ та, ұжымдық кештерге тыйым салынады. Бүгінгі күні вирус жұқтыру жағдайы сақталуда. Тіпті «жасыл» аймақта болсақ та, бір тәулікте 120- 130 адамнан коронавирус анықталып жатыр. Егер ұжымдық шараларды өткізетін болсақ, бірден «сары» емес, «қызыл» аймаққа ораламыз. Біздің мақсатымыз – карантин шараларын сақтауды одан әрі жалғастыру", - дейді Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері.
Жақында ғана «жасыл» аймаққа ойысқан қалада жеңілдетілген карантиндік талаптар келесі аптадан бастап күшіне енеді. Шаһарда өткен тәулікте 128 адамға кесел жабысқан. Жандарбек Бекшин коронавирусқа шалдыққандардың 82 пайызы вакцина салдырмағанын мәлімдеді. Қаланың бас санитар дәрігері 12 жастан асқан жеткіншектерді екпе алуға шақырады. Өйткені жаңа «Дельта» штамы балаларға тез жұғады екен.

Алматыда Pfizer вакцинасымен екі мыңнан астам жасөспірім, 310 жүкті әйел мен бала емізетін мыңға жуық адам егіліп үлгерген. Алматыда америкалық препараттың 46 мыңнан астам дозасы бар.