Алматыда жасөспірім мектеп ауласынан асылулы күйінде табылды

0
698

16 жастағы жасөсіпірім асылулы күйінде спорт алаңынан табылған.


Алматыда жасөспірім мектеп ауласынан асылулы күйінде табылды

ERNUR.KZ. Алматыда итімен серуенге шыққан жасөсіпірім асылулы күйінде табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

16 жастағы жасөсіпірім асылулы күйінде 6 наурыз күні таңертең «Орбита–3» ықшамауданындағы №45 мектептің жанындағы спорт алаңынан табылды.

Алматы қалалық ПД хабарлауынша, бұл факті ҚР ҚК-нің 105–бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді.

«Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізеді. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қарау кезінде 2003 жылы туған З. денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ»,– деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.