Алматыда жолда болған тосын оқиға видеоға түсіп қалды

0
260

Оқиға 4 маусымда кешкі уақытта болып, бейнетіркегішке түсіп қалған,


Алматыда жолда болған тосын оқиға видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматыда Toyota Prado жүргізушісі Toyota Camry жүргізушісінің жолын кесіп, артынша оны соққыға жыққан. Оқиға 4 маусымда кешкі уақытта болып, бейнетіркегішке түсіп қалған, деп жазады tengrinews.kz.

"Toyota Camry жүргізушісі жолын кескен Toyota Prado жүргізушісіне сигнал берген, бұл оған ұнамаған болса керек. Prado жүргізушісі қайта-қайта төтенше жағдай жасап, Camry жүргізушісінің жолын жауып, кейін жолдың шетіне тоқтайды. Camry жүргізушісі көліктен түсіп, Prado жүргізушісіне қолын созғаны сол еді, ол бірнеше соққы жасап, оны жерге құлатады", - делінген видеоның сипаттамасында.


Сондай-ақ, Camry жүргізушісінің бұған дейін мойын омыртқасы сынғаны және соққыдан кейін ауырсыну пайда болғаны айтылған.

"Prado жүргізушісі адамды ұрғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабын екі рет бұзғаны үшін жүргізушіге алты айға көлік жүргізу құқығынан айыру қаупі төнуі мүмкін, сондай-ақ ол басқа да заңбұзушылықтары үшін жауапқа тартылуы мүмкін", - делінген сипаттамада.

Жазба авторлары видеоны Алматы полиция департаментіне жіберуге уәде берді.