Түрлі жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, бірақ реанимацияда қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Алматыда автобус қызды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан реанимацияда қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.
Қайғылы оқиға 2022 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:20-да болған.
Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, бірақ реанимацияда қайтыс болған.
"Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, жария етілмейді".Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі