Алматыда жүкті әйел кептеліс кезінде толғатып қалған

0
551

Екі көліктен құралған кортеж қаланың басқа жағында орналасқан №3 перинаталдық орталыққа санаулы минуттарда жетті.


Алматыда жүкті әйел кептеліс кезінде толғатып қалған

ERNUR.KZ. Алматының патрульдік полиция қызметкерлері жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектесті, деп жазады tengrinews.kz.

Кептеліс кезінде жергілікті тұрғын полиция қызметкерлері Нұрлан Исмаилов пен Әділет Нематовтан құралған мамандандырылған батальонның экипажынан көмек сұрап жүгінген.

"Әріптесім екеуміз Сейфуллин даңғылында қызметте болдық. Бізге қасымызға көлік келіп тоқтады, жүргізуші толғағы басталған жүкті әйелін алып бара жатқанын айтты. Оларды перзентханаға дейін жеткізуін өтінді", – деді Әділет Нематов.

Екі көліктен құралған кортеж қаланың басқа жағында орналасқан №3 перинаталдық орталыққа санаулы минуттарда жетті.

"Полицейлердің арқасында біз барлық кептелістен қауіпсіз әрі жылдам өттік. Жарты сағаттан кейін әйелім босанды. Бұл менің үшінші қызым. Мен полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс айтамын. Әйелім мен қызым қазір үйде, бізде бәрі жақсы", – деді, Рустам есімді алматылық.