Алматыда жұмысшыларды құрылыс материалы басып қалды (видео)

0
965

​Алматыда құрылыс жұмыстары кезінде ондағы адамдардың үстіне арматура құлап кетті.


Алматыда жұмысшыларды құрылыс материалы басып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Әзірге олардың жағдайы белгісіз, деп жазады exk.kz.

Оқыс оқиға бүгін Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, "Bazis-A" компаниясының құрылысшыларына арматура құлап кеткен. Осы оқиғаны видеоға түсіріп тұрған адам екі жұмысшының зардап шеккенін айтады.



"Оқыс оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын бастап кетті. Зардап шеккен жұмысшыларға сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Адам шығыны жоқ", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.