Ол еліміздің ірі басылымдары мен сайттарында еңбек етті, оның ішінде соңғы жылдары "Вечерний Алматы" газетімен үзең қағыстыра жұмыс істеді.
ERNUR.KZ. 23 тамызда Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Толқын Тәшімов кенеттен дүниеден озды, деп жзазады zakon.kz.
Қаралы хабарды Толқын Тәшімовтің жақындары жеткізді.
Толқын Тәшімов өмір бойғы жылдарын өзінің сүйікті ісі - журналистикаға арнады. Ол еліміздің ірі басылымдары мен сайттарында еңбек етті, оның ішінде соңғы жылдары "Вечерний Алматы" газетімен үзең қағыстыра жұмыс істеді. Оның журналистік шеберлігі мен шығармашылық жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы халықаралық және республикалық байқаулардағы көптеген жүлделері дәлел бола алады.
Ол керемет адам, талантты журналист, өз елінің патриоты, адал дос әрі сенімді серік болды.
Әріптестері Толқын Қалдарұлы бойындағы аса белсенділік, объективтілік, іскерлік, мақсатқа қойғыштық, керек кезде жылы сөз бен ақыл-кеңесімен бөлісуге дайын мейірбан достық ілтипаты сияқты қасиеттерін ерекше бағалап, қимастық білдіреді.