Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін сараптама тағайындалды.
ERNUR.KZ. Алматыда адам өліміне әкелген жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.
"Бұған дейін берілген ақапарт бойынша, бүгін Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына себепкер жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алматы жол полициясы.
Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Қалалық полиция апатқа қатысты басқа да мән-жайлар анықталып жатқанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды. Кейінірек осы оқиға салдарынан бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырғаны белгілі болды.
Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.