Бірінші тоқсанда коронавирус жұқтырған 26 мектеп оқушысы анықталған.
ERNUR.KZ. Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Жұмановтың сөзінше, бірінші тоқсанда коронавирус жұқтырған 26 мектеп оқушысы анықталған, оның ішінде, екеуі - кезекші сыныптағы оқушылар.
"Барлық топ ПТР-тест тапсырған, бәрінің нәтижесі теріс болды. Екі жағдайда да балалар коронавирус инфекциясын ата-анасынан жұқтырған. Топтар жағдайдың алдын алу мақсатында жабылды", - деді Қайрат Жұманов.
Еске салайық, екінші тоқсанда кейбір алматылық оқушыларға дәстүрлі оқу форматына көшуге рұқсат берілген болатын.
Екінші тоқсаннан бастап 300-ге жуық оқушысы бар мектептердің жұмыс істеуіне рұқсат берілген болатын. Сыныпта отыратын оқушы саны 15-тен аспауы керек.