Алматыдағы мерекеден кейін аллеяның күл-талқаны шықты

0
813

Төле би және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы ескі алаңда кеше қала күні аталып өткен еді.


Алматыдағы мерекеден кейін аллеяның күл-талқаны шықты

ERNUR.KZ. Қала күніне орай ұйымдастырылған концертте адамдар аллея мен гүлзарды таптап тастаған, деп жазады exk.kz.

Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған видео көптің жағасын ұстатты. Онда жайқалып тұрған гүлдердің аяққа тапталғанын, ағаштардың қисайып, сынып жатқанын көруге болады.

Төле би және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы ескі алаңда кеше қала күні аталып өткен еді. Бейнежазба авторы мерекелік концертке келген адамдардың жауыздығына таңқалғанын жасырмайды.

"Қарасаң жүрегің ауырады. Күні кеше ғана жайқалып, қаламызға көрік беріп тұрған аллеяның сау-тамдығы қалмаған. Тура піл жүріп өткен секілді. Осыншама жауыз болуға бола ма? Қоқыстарын тастап кеткен, барлық жерде шашылып жатыр", — дейді видео авторы.