Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Бұзақылар полицейді тірі қалқан ретінде пайдаланған (видео)

0
850

Алматы полициясының метрополитен бөлімінің қызметкері Асыл Дүйсембеков жаппай тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған.


Алматыдағы тәртіпсіздіктер:  Бұзақылар полицейді тірі қалқан ретінде пайдаланған (видео)

Полицейді бұзақылар тізерлеп отырғызып, тепкінің астына алған. Бұл жағдай мегаполис көшелеріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Формамды алып өртеп тастады. Жұмыс куәлігімді, жеке куәлігімді, қалтамда не болды, соның барлығын алды. Бөгенбай – Сейфуллин көшелеріне дейін ұрып, тоқпақтап апарып, тізерлеп отырғызды”, – деді тәртіп сақшысы.

Қаскөйлер полицейді топтың алдында тірі қалқан етіп ұстаған.


Полиция қызметкерінің айтуынша, оны өзінің әріптестері құтқарып қалған. “Әріптестеріме рақмет. Қазір сол кісілердің арқасында аман-сау тұрмын. Барлығымыздың анамыз бар. Оларға да оңай емес екен, өз баласын соққының астында көрген”, – деп атап өтті ол. Асыл Дүйсембеков ішкі істер органдарындағы қызметке әкесінің жолын қуып келген. Полицей алдағы уақытта да өз міндетін атқарып, жұмысын жалғастыруды көздейді.