Алматыдағы жағдай қоғамды ойландыруы қажет – Ерлан Саиров

0
555

Ерлан Саиров сот шешімдері әділетті, түсінікті болуы тиіс екенін тілге тиек етті.


Алматыдағы жағдай қоғамды ойландыруы қажет – Ерлан Саиров

ERNUR.KZ. Алматыдағы жағдай мемлекет пен қоғамды ойландыруы қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның пайымынша, сот шешімдері әділетті, түсінікті болуы тиіс. Бұл бүгінгі үлкен проблема.

«Елімізде заңдылық болуы керек. «Заң қатал, бірақ ол заң» принципі универсалды бап. Дегенмен, заңның өзі әділеттілік принципіне негізделуі тиіс», - деп жазды ол.

Ерлан Саиров сот шешімдері әділетті, түсінікті болуы тиіс екенін тілге тиек етті.

«Әділдік, гуманизм арқылы ғана заңның толық орындалуын қамтамасыз етуге болады. Бірақ, рецидивист, сепаратист, зорлық- зомбылыққа жақын, адамның ала жібін аттайтын азаматтарға заң өте қатал болуы абзал. Қарапайым, заңды орындайтын, еңбекқор адамның мүддесін қорғайтын заңдар керек. Сот шешімдері әділетті, түсінікті болуы тиіс. Бұл бүгінгі үлкен проблема. Заң қатал, бірақ таза, кіршіксіз, адал адамдар жағында болуы қажет, - деді депутат.

Айта кетейік, Алматыда атыс болып, 5 адам қаза тапты.

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.