Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында орналасқан.
ERNUR.KZ. Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жер сілкінісі Алматы уақытымен бүгін түнгі сағат 00:25-те тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 903 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10.7. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 15 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.