Алматылық бойжеткеннің біртүрлі әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр - видео

0
690

​Жолаушы бақылаушы мен жүргізушінің қоғамдық орындарда маска тағып жүру қажет деген талабын орындаудан бас тартқан.


Алматылық бойжеткеннің біртүрлі әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр - видео

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің біріне бетпердесіз мінген бойжеткен кондуктордың "маска тағыңыз" деген талабына дөрекі түрде жауап қайырған, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Қазіргі кезде Қазақстанда карантин жариялануына байланысты, елдің әрбір азаматы тиісті талаптарды сақтауы тиіс. Оның бірі – қоғамдық орындарда маска тағып жүру екені белгілі.

"Ал мына жағдайда автобусқа маскасыз кірген бойжеткен жүргізуші мен бақылаушының талабын орындағысы келмеді. Нәтижесінде, оның телефонын сындырды", – делінген хабарламада.

Видеода бақылаушы бетперде тақпаған қыздан автобустан түсіп қалуды сұрайды. Мені видеоға түсіруге құқың жоқ деген бойжеткен оның қолындағы телефонды қолмен соғып, құлатады. Жолаушы келесі аялдамадан түсіп қалған.

Видеоға қатысты пікір білдірушілердің көпшілігі осындай жолаушылардың кесірінен карантин режимі күшейіп жатқанын айтып, бойжеткеннің әрекетін ашық айыптайды.