Алматылық дәрігерлер Молдағасымованы сотқа беріп жатыр

0
631

Қазіргі уақытта адвокаттар сотқа дейінгі шағымды дайындап жатыр.


Алматылық дәрігерлер Молдағасымованы сотқа беріп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушісі Гауһар Әміреева мен 33 қызметкер атышулы мәлімдеме жасаған қаланың бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымованы сотқа беріп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

"Орталық қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінің атынан мен Молдағасымованы сотқа беремін. Қазіргі уақытта адвокаттар сотқа дейінгі шағымды дайындап жатыр", - деді Гауһар Әміреева.

Еске салайық, Алматының бас санитар дәрігері орталық ауруханада дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына медицина қызметкерлерінің өзі кінәлі екенін мәлімдеген болатын. Молдағасымованың айтуынша, дәрігерлер сақтық шараларын ұстанбаған.