Алматылық гимназия директоры мұғалімдер шағымынан кейін қызметінен кетті

0
523

Әңгіме биыл қыркүйекте жаңа басшы тағайындалған №86 мектеп-гимназиясы туралы болып отыр.


Алматылық гимназия директоры мұғалімдер шағымынан кейін қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Алматыда гимназияның жаңа директоры мұғалімдер шағымынан кейін қызметінен кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Әңгіме биыл қыркүйекте жаңа басшы тағайындалған №86 мектеп-гимназиясы туралы болып отыр. Алайда кейбір ұстаздар бұл шешімге наразы болып, ұжымдық шағым жазған. Әкімдік мәліметінше, осыдан кейін директор қызметінен кеткен.

"Гүлзира Байшимирова 2022 жылғы 7 қазанда өзінің жеке өтініші негізінде №86 мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта мектеп директорының міндетін атқарушы Ш.Т. Ишамбаева", - деді Алматы қалалық білім басқармасы өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін №86 мектеп-гимназиясының ұстаздары Байшимированы тағайындау кезінде өрескел заң бұзылғанын мәлімдеген болатын. Олардың айтуынша, ол тағайындалған қызмет бос болмаған және мектепте бос орын болмаған. Сондай-ақ, олар қабылдау үшін ешқандай конкурс өткізілмегенін атап өтеді.