WorldSkills International - 25 жасқа дейінгі жас мамандардың кәсіби дағдыларын анықтауға және дамытуға бағытталған ірі халықаралық жарыс.
ERNUR.KZ. Алматылық колледж студенттері тарихта тұңғыш рет Францияның Лион қаласында өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 7 медальон жеңіп алып, жетістікке жетті. Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады, деп жазады inform.kz.
Соның ішінде, Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенті Михаил Попов «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша үздік деп танылса, Алматы қаласы «Әділет» колледжінің студенті Жанель Сағындық «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша топ жарды.
Сонымен қатар «Ұлттағы үздік» номинациясы бойынша бірқатар қазақстандық студент үздік атанды:
Руслан Юсупов – Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті – «Веб-технологиялар»;
Әйгерім Досова – Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі – «Сән технологиясы»;
Данияр Әбікенов – Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті – «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»;
Тимур Бабенко мен Эльнар Жуасбаев – Семей қаласының Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері — «Мобильді робототехника»;
Артур Лейман – Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенті – «Мейрамхана сервисі».
Айта кеткен жөн, WorldSkills International - 25 жасқа дейінгі жас мамандардың кәсіби дағдыларын анықтауға және дамытуға бағытталған ірі халықаралық жарыс. WorldSkills Lyon 2024 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенті қатысты.
Еске салайық, 2023 жылы Қазақстан құрамасы Гданьск қаласында өткен EuroSkills чемпионатында алғаш рет 2 медаль және 4 медальон жеңіп алды.