Алматы әкімдігі наразылық тудырған жазбаға қатысты түсінік берді.
ERNUR.KZ. Алматыда балалар алаңында қолданылған медициналық шприцтер табылған, деп жазады ҚазАқпарат.
Тұрғындар видеоны Instagram желісіне жариялады.
Алматы әкімдігі наразылық тудырған жазбаға қатысты түсінік берді.
«Алатау аудандық әкімдік аппараты медициналық қалдықтар Open Medical Channel клиникасына тиесілі екенін растады. Бұл орталықта қалдықтарды жою ережесі бұзылған. Алатау аудандық қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына барып, Open Medical Channel орталығының жауапты тұлғаларына қатысты ҚР ӘқбК 505-бабымен әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - дейді әкімдіктен.